Accessibility links

Жаңаөзен абақтысының бұрынғы басшысы 5 жылға сотталды


Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

Ақтау қалалық соты Жаңаөзен қалалық уақытша қамау изоляторының (УҚИ) бұрынғы бастығы 32 жастағы Жеңісбек Теміровті 5 жыл бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне сотқа қатысып жатқан "Жаңаөзен-2011" қоғамдық комиссиясының өкілі Жәнібек Қожық хабарлады.

Қожықтың айтуынша, сот Теміровті қылмыстық кодекстің 308 бабының 2 және 4 бөлімдері (билігін немесе қызмет өкілетін асыра пайдалану) бойынша айыпты деп тапқан. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Жеңісбек Теміров «2011 жылы 16 желтоқсандағы оқиға кезінде Базарбай Кенжебаевты УҚИ-ге заңсыз қаматты, оны дер кезінде ауруханаға жібермей, Кенжебаев содан көз жұмды» деген айып бойынша биыл 25 қаңтарда жауапқа тартылған. Сот жәбірленуші ретінде қатысқан Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаеваға Теміровтен 1 миллион теңге өндіріп беру туралы да шешім шығарған.

Жәнібек Қожық Әсем Кенжебаева талап еткен 5 миллион теңгенің қалған 4 миллионын өндіруді судья азаматтық сот арқылы қарауға қалдырған.

Судья бұған қоса Жеңісбек Теміровтің дүние мүлкін тәркілеуге үкім еткен.
XS
SM
MD
LG