Accessibility links

Назарбаевтың «рухани әйелі» «енесінің» атындағы медресе құрылысын бітіре алмай жүр


Астана қаласындағы "Әбіш ата мешітінің" қасында тұрған Айша Оразбай. Астана, 2011 жыл.

Астана қаласындағы "Әбіш ата мешітінің" қасында тұрған Айша Оразбай. Астана, 2011 жыл.

Айша Оразбай президент Назарбаевтың анасының атындағы «Әлжан Ана медресесін» салу үшін премьер-министрден жәрдем сұрады. 2002 жылы Түркістанда өткен дүниежүзі қазақтары құрылтайынан «Назарбаевтың рухани әйелі» болып оралғанын айтқан Айша Оразбай: «Өзге еркек шабуыл жасамас үшін Әбішкеліні аталдым. Президент мені қорғады» дейді.

Астанадағы «Айша» қоғамдық қорының жетекшісі, өзін елге «Айша қажы Әбішкеліні» деп таныстыратын Айша Оразбай 2012 жылы наурызда премьер-министр Кәрім Мәсімовтің блогына: «Алланың разылығы үшін Елбасымыз Нұрсұлтанның анасы Әлжан Ана есімі қойылған медресеміздің құрылысын аяқтауға көмектеріңізді сұраймыз» деп жазыпты.

Азаттықтың тілшісінің сұрақтарына жауап берген Айша Оразбай премьер-министр Кәрім Мәсімовтен қандай да бір қолдау болмағанын айтты.

– Премьер-министр біздің хатымызды дін істері жөніндегі агенттікке жолдапты. Олардан «көмек жоқ» деген жауап келді, – дейді ол.
Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Астана, 7 шілде 2011 жыл.

Қазақстанның дін істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф. Астана, 7 шілде 2011 жыл.


Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріптің айтуынша, «бұл мәселе – діни басқарманың ісі».

– Дін мемлекеттен бөлек болғандықтан, біз діни бірлестіктердің ішкі қызметіне араласа алмаймыз. Қазіргі таңда басқарманың жеті бірдей медресесі бар. Ал, қосымша жаңасы керек пе, керек емес пе - оны діни басқарманың өзі шешеді. – деп жауап берді Қайрат Лама Шәріп Азаттық тілшісіне.

Агенттік төрағасы «Айша» қоғамдық қоры «Дін және діни қызмет заңы» бойынша Әділет министрлігінен қайта тіркеуден өткізуі тиіс» дейді.

«ӘБІШКЕЛІНІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫМЫЗ ЖОҚ»

Айша Оразбайға қатысты мәселені анықтамаққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) баспасөз хатшысына хабарласқанымызда, ол мұндай сұрақтарға жауап бере алмайтынын айтып, аппарат жетекшісіне хабарласуымызды өтінді.

Діни басқарманың аппарат жетекшісі Балғабек Мырзаев:
Қазақстанның бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі. Алматы, 16 қараша 2010 жыл.

Қазақстанның бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі. Алматы, 16 қараша 2010 жыл.


– Айша қажы Әбішкелінімен ешқандай қарым-қатынасымыз жоқ. Хат жүзінде мекен-жайын көрсетіп, медресе салуға бізге жазбаша түрде өтініш білдірмеген. Өзінің жеке бастамасымен салғысы келген шығар. Алайда Астанада діни басқарманың өз медресесі бар. Бір қалаға бір медресе жеткілікті ғой. Оның үстіне қаладан он бес шақырым жердегі Қосшы ауылында қарилерді дайындайтын орталық бар. Бұдан басқа әйелдерге арналған қандай да бір медресе салу басқарманың қазіргі жоспарында жоқ, – деді.

Алайда Айша қажы Әбішкеліні «1999 жылы әйелдерді ақпараттық қолдау қоғамдық қорын құрғанын, одан кейін 2001 жылы бас мүфти Әбсаттар Дербісәліден Нұрсұлтан Назарбаевтың анасының атындағы әйелдер медресесін салуға рұқсат алғанын» айтады. Айша Оразбай (Айша қажы Әбішкеліні) сол рұқсаттың негізінде Астана қалалық әкімшілігінен 30 сотық жер телімін алыпты.

Айша Оразбайдың айтуынша, ол 3,5 миллион теңгеге жасатқан медресенің сәулет-құрылыс жобасы бұл жерге сыймай қалғандықтан қайтадан өтініш беріп, жер телімін 99 сотыққа үлкейтіп алған.
Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің "Әлжан ана әйелдер медресесіне" арналған жер туралы сауалхатқа ресми жауабы. Астана, 14 мамыр 2012 жыл.

Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің "Әлжан ана әйелдер медресесіне" арналған жер туралы сауалхатқа ресми жауабы. Астана, 14 мамыр 2012 жыл.


Азаттықтың тілшісі осы мәселені анықтамаққа Астана қаласы әкімдігіне 2012 жылы наурыздың 27-сі хат жолдаған еді. Әкімдіктің баспасөз қызметі ол хатқа 48 күннен соң жауап қайырды. Баспасөз қызметі жетекшісі және әкімнің баспасөз хатшысы Айгүл Аспандиярованың қолы қойылған бұл хатта «А.Оразбаеваға 2001 жылғы 2 сәуірдегі № 3-1-377қ және 2001 жылғы қазан айындағы №3-1-799қ қаулыларымен 75 орынға арналған «Әлжан ана әйелдер медресесі» обьектісін жобалау үшін №15 шағын ауданнан жер учаскесі берілгені» айтылады. Бірақ жер телімінің қанша сотық екенін жазбаған.

«КЕКІЛБАЕВТЫҢ МЕШІТІ МЕ?» ДЕП ШАТАСТЫРА БЕРЕДІ ЕЛДІҢ БӘРІ...»

Қазір бұл жерде екі қабатты үй мен бір тоқал там тұр. Тамға «Әбіш ата мешіті» деген жазу ілінген. Бұл жазудың себебін сұраған едік:

– 2003 жылы елбасының туған күні – 6 шілдеде «Ертеңім менің – Елбасым» атты мереке ұйымдастырып, медресенің құрылысын бастадық. Бастапқыда бұл үй кісі жататын орын еді. Бірақ ұрлық қатты болды. Сол тоқтамаған соң имамдар «Үйдің басына күмбез шығар, азан шақырып, намаз оқы» деген кеңес берді. Айтқандарын Әбіш Ата мешіті. Астана, 17 мамыр 2012 жыл.

Әбіш Ата мешіті. Астана, 17 мамыр 2012 жыл.

істедім. Ұрыларды да өз көзіммен көрдім, ұрлық та сап тыйылды. Содан бері бұл үй – мешіт. 2003 жылы дін мәселесін діни хатшылық басқарды. Басшысы Аманбек Мұқашев пен ұлттық қауіпсіздік комитетінен Әзімбек деген ағамыз келіп, бір күні үлкен жиын өтті. Сол жерде ақсақалдар «Бұл – Құран оқылатын таза жер. Елбасы әкесі болмаса, қайдан туылыпты? Медресе – анасының атында, мына мешітке әкесінің атын берейік» деді. «Арнайы салынбаған, кіп-кішкентай үйге үлкен кісінің атын берсем, басымды жұлып алмай ма?» деп едім, «Шын ниетіңмен берсең, ризашылығын білдіреді» деген соң келістім. Бастапқыда «Әбіш ата мешіті» деп жазған едік. Бірақ елдің бәрі «Кекілбаев па?» деп шатастыра берген соң, «Назарбаевты» қосып жазып қойдық. Бірақ кейіннен әкімшіліктен адамдар келіп, «Назарбаев» деген сөзді, сосын екі қабат үйге ілінген «Назарбаев намазханасы» деген жазуды алдырып тастады. Не үшін алдырғандарын білмеймін, – деп жауап берді Айша Оразбай (Айша қажы Әбішкеліні).
Әбіш Ата мешіті. Астана, 17 мамыр 2012 жыл.

Әбіш Ата мешіті. Астана, 17 мамыр 2012 жыл.


2011 жылы қыркүйектің 1-інде парламент палаталарының біріккен отырысында сөз сөйлеген президент Нұрсұлан Назарбаев дін заңын қабылдау қажеттігін айта келіп: «Қазір екінің бірі өз әке-шешесі, ата-бабасының атын мешіттерге қоюға әдеттеніп алды. Бұл берекесіздікті тоқтату керек» деген еді.

– Әбіш ата мешітіндегі «Назарбаев» жазуын алдырып тастауға президенттің осы сөзі себеп болған-болмағанын анық білмеймін, – дейді Айша Оразбай.

«ӨЗГЕ ЕРКЕК ШАБУЫЛ ЖАСАМАС ҮШІН ӘБІШКЕЛІНІ АТАЛДЫМ»

Айша Оразбай 2002 жылы күзде өткен дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайына барып, Түркістан қаласынан Айша қажы Әбішкеліні, яғни «Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани әйелі» болып оралғанын айтады.

– Түсімде аян көрдім, содан рұқсат алдым. Негізі бұл – шариғатта бар зат. Әбіш ата мешітін ұстағандықтан, Әлжан ана медресесін салып жатқандықтан, зинақор болмау үшін, өзге еркек шабуыл жасамас үшін Әбішкеліні аталдым, – дейді Айша Оразбай.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)


Ол «Президент қарсы болған жоқ, қарсы болса мені баяғыда-ақ түрмеге жауып тастар еді» дейді.

– Ол кісі мені қорғады. Шариғатта бар: Бір әйелдің күйеуі қайтыс болып, пайғамбардың сахабасы көмектесуге келіп, әйел қылып алатынын айтыпты. Сонда әйел жылап, «Менің денсаулығым жоқ, әйел бола алмаймын, қалай маған неке қиясыз?» депті. Сонда сахаба айтқан екен: «Саған қамқорлық жасау үшін, өсек сөздер жүрмеу үшін заңды некеге аламын, сондықтан қорықпай-ақ қой» деп қиылған некесі бар. Шариғат бойынша, елбасы жаныма келіп жатпаса да, қамқорлығын жасап отыр. Істеп жатқан жұмысымның бәрі Елбасының атымен келіп жатыр. Елбасын кім құрметтейді – солар жәрдем беріп жатыр, – дейді Айша Оразбай.

Айша Оразбай премьер-министрден көмек сұрап жазған хатында «Стальной двор Астана», «Хайвил Казахстан», «Ақмола Құрылыс Материалдары», «Ақмола Құрылыс», «Альянсстройинвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің, "Әлжан Ана" атындағы медресе жобасы. Астана, 17 мамыр 2012 жыл.

"Әлжан Ана" атындағы медресе жобасы. Астана, 17 мамыр 2012 жыл.

«Стройконтракт» акционерлік қоғамының «Әлжан Ана» медресесінің құрылысына демеушілік қолдау көрсеткенін жазыпты.

Өзін «Айша қажы Әбішкелінімін» дейтін Айша Оразбай «Шенеуніктер еш жәрдем бермесе де, 2003 жылдан бері іргетасы да қаланбаған медресенің құрылысын әйтеуір бір аяқтамақ» ойда.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG