Accessibility links

БҰҰ: Пхеньян Сирия мен Мьянмаға қару сатты


Пхеньянда бұрынғы Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл толуына орай өткен әскери парадқа шығарылған зымыран. 15 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Пхеньянда бұрынғы Ким Ир Сеннің туғанына 100 жыл толуына орай өткен әскери парадқа шығарылған зымыран. 15 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

БҰҰ сарапшылары "Солтүстік Корея ұйымның санкциясын бұзып, Сирия мен Мьянмаға қару-жарақ сатып отыр" деп санайды.

Бұл туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің қарауына ұсынылған құжатта айтылады. Сирия мен Мьянма бұған дейін де Пхеньянмен ядролық қару жасау бағдарламасы төңірегінде ынтымақтасты деген күдікке қалған болатын.

Бірақ сарапшылар қазір Солтүстік Кореяның соңғы уақытта қандай да бір елге ядролық немесе зымыран бағдарламасына қатысты технология, я материал бергені туралы ешқандай мәлімет таппады.
XS
SM
MD
LG