Accessibility links

Қорғаушы: Күдікті Ахмедьяровқа шабуыл жасағанын мойындады


"Уральская неделя" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров.

"Уральская неделя" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяров.

"Уральская неделя" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедьяровқа қарулы шабуыл жасады деген ұсталған бір күдікті кінәсін мойындады деп хабарлайды тәуелсіз "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымы.

Ұйымның хабарына қарағанда, Батыс Қазақстан облысының азаматы, 20 жастағы күдіктінің шабуыл жасағанын мойындағанын оның қорғаушысы Бағдагүл Әжіғалиева растаған. Әжіғалиеваның айтуынша, күдікті Ахмедьяровқа шабуыл жасаған топтың құрамында болғанын "өз еркімен мойындаған".

Полиция қазір шабуыл жасады деген күдікпен екі адамды қамауға алған. Бірақ аты-жөндерін әзірге атаған жоқ.

Лұқпан Ахмедьяровты Оралда 19 сәуір күні түнге қарай үйінің алдында белгісіз екі адам тапаншамен атып, бірнеше рет пышақтап кеткен еді. Ахмедьяров ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, аман қалды. Ол шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG