Accessibility links

Facebook акциялары сатылымға шықты


Facebook әлеуметтік желісінің логотипі. Көрнекі сурет.

Facebook әлеуметтік желісінің логотипі. Көрнекі сурет.

Жұмада АҚШ-тың Nasdaq қор биржасында Facebook әлеуметтік желі компаниясының акциялары инвесторларға сатыла бастды.

Инвесторлар компанияның бір акция қағазы үшін 38 АҚШ долларынан төлеуге дайын екендерін білдірді. Осыған байланысты Facebook-тің бағасы алдан ала болжанғандай 100 миллиард АҚШ долларынан асып кетуі мүмкін. 100 миллиард АҚШ доллары - интернет компания үшін нарықтағы ең жоғары баға болып отыр.

Акциялар қор нарығына орналастырылғаннан соң Facebook-тің негізін салушы 28 Марк Цукербергетің жеке байлығы 20 миллиард АҚШ долларынан асады.

Инвесторлар компания акцияларының жоғары табыс әкелетініне аса сенімді. Бірақ кейбір кейбір сарапшылар әлеуметтік желілер саласында жиі өзгерістер болатынына сілтеп, компанияның ары қарайғы даму болашағына күмәнмен қарайды.
XS
SM
MD
LG