Accessibility links

Чикагода НАТО саммитіне қарсы акция өтті


Чикагода өтетін НАТО саммитінің белгісі.
Чикагода өтетін НАТО саммитінің белгісі.
Чикагода (АҚШ) жексенбі күні осы қалада ашылуы керек НАТО саммитіне қарсы акция өтті.

Қаланың қаржылық ауданы көшелеріне шыққан бірнеше мың адам көліктерді тоқтатып тастады. Полициямен ешкім қақтығысқан жоқ. Шараны ұйымдастырушылар зорлық пен арандатуға бармайтындарын алдын-ала ескерткен еді.

Акцияға қатысушылар НАТО саясатына ғана емес, Кэмп-Дэвидте өтіп жатқан "Үлкен сегіздік" саммитіне де қарсылық білдіріп, банк саласы мен бай адамдарға салынатын салықты көбейтуді талап етті.

Чикагода бұдан да ауқымды шараны НАТО саммиті басталған күні өткізбек.
XS
SM
MD
LG