Accessibility links

Мексикада журналисті өлтіріп кетті


Есірткі картельдері басшыларының бірінің алтын, күміс, жақұт жапсырылған тапаншасы. Мексика, 3 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Есірткі картельдері басшыларының бірінің алтын, күміс, жақұт жапсырылған тапаншасы. Мексика, 3 мамыр 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Мексикада ұйымдасқан қылмыс пен есірткі картельдерінің қақтығысы туралы жазған, бейсенбі күні ұрланған журналист Марко Антонио Авиланың сүйегі табылды. Марқұмның азапталып, жол жиегіне тастап кеткен мәйітінің жанында есірткі картельдерінің бірінің атынан доқ көрсетіп жазған хат болған.

Мексикада картельдер арасындағы қақтығыстан соңғы он жылдың ішінде он мыңға тарта адам мерт болды. Өткен аптада Монтеррей қаласы маңынан 37 адамның қапқа салынған мәйіті табылған еді.

Бұдан бұрын елдің шығысында үш журналист қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG