Accessibility links

Италияда лицей маңында жарылыс болды


Италия. (Көрнекі сурет)

Италия. (Көрнекі сурет)

Бүгін Италияның Бриндизи қаласындағы қыздар лицейі маңында бомба жарылып, 16 жасар оқушы Мелисса Басси сол жерде қаза тапты, жараланған жеті баланың бірінің халі ауыр.

Жарылыс таңғы 7 сағат 45 минутта, оқушылар лицей алдына жиналған кезде болған. Екі газ баллонынан жасалған жарылғыш қоқыс салатын контейнерге жасырылған екен. Полиция күнде басқа жақта тұратын контейнерлерді бүгін қақпаның алдына қастандық жасаушылардың әдейі әкеліп қойғанын айтады.

Лицей 20 жыл бұрын мафияның шабуылынан мерт болған сот тергеушісі Джованни Фальконе мен оның зайыбы Фрачески Морвиллоның атында.

Қайғылы оқиғаны бүкіл Италия аза тұтып жатыр. Полиция жарылысты ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп болжап отыр. Лицейдің жанында тұрған сот ғимараты маңында бүгін ұйымдасқан қылмысқа қарсы шеру өтуі керек болатын.
XS
SM
MD
LG