Accessibility links

Англияда олимпиада алауы эстафетасы басталды


Грек актрисасы Ино Менегаки олимпиада алауын жағып әкеле жатыр. Грекия, 9 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Грек актрисасы Ино Менегаки олимпиада алауын жағып әкеле жатыр. Грекия, 9 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
19 мамырда Ұлыбританияның Корнуолл графтығында олимпиада алауының эстафетасы басталды. Елдің ең батыс нүктесі - Лендс-Энд мүйісінен аттанған алау шеруін желкенді қайық спортынан үш дүркін олимпиада чемпионы Бен Энсли бастады.

Ұлыбританияның бүкіл аумағын шарлайтын алау 12 мың 875 шақырымды басып өтіп, 27 шілде күні олимпиада ойындарының ресми ашылуы өтетін «Стратфорд» стадионына жеткізіледі. Сегіз мың адам қатысатын алау эстафетасы 70 күнге созылады.

10 мамыр күні Афина қаласында тұтанған олимпиада алауын Лондонға Ұлыбританияға белгілі футболшысы Дэвид Бекхэм, Лондон мэрі Борис Джонсон және Англия олимпиада қауымдастығының басшысы Анна ханшайым алып барған еді.
XS
SM
MD
LG