Accessibility links

Сирияда жарылыстан 7 адам мерт болды


Жарылыстан шыққан өрт. Дамаск, 10 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жарылыстан шыққан өрт. Дамаск, 10 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүгін Сирияның Дэйр-эз-Зор қаласында қуатты жарылыс болып, алдын-ала есепке қарағанда, жеті адам көз жұмған, жүздеген адам жараланған.

Бомба әскери барлау басқармасы маңында жарылған. Биліктің айтуынша, жарылысты жанкешті іске қосқан.

Ал Алеппо қаласында биліктегі Баас партиясының офисін біреулер гранатометпен атқылады - одан зардап шеккен адамдар туралы дерек жоқ.

Елдің солтүстігіндегі Идлиб уәлаятында үкімет күштері мен қарулы оппозиция жасақтары қақтығысты.

10 мамырда Дамаскіде де үлкен жарылыс болып, 55 адам көз жұмған еді.

Сирияда сәуірдің ортасынан бастап бейбіт келісім шарты күшіне еніп, елге БҰҰ бақылаушылары барса да, жағдай шиеленісіп тұр.
XS
SM
MD
LG