Accessibility links

Иран халықаралық санкцияны тоқтатуға шақырды


Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Рамин Мехманпараст.
Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Рамин Мехманпараст.
Иран өзінің ядролық зерттеулеріне қатысты салынған халықаралық санкцияларды тоқтатуға шақырды.

Бүгін Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Рамин Мехманпараст "Иран мен әлемдегі жетекші алты ел өкілдерінің Бағдадта өтуі керек келіссөзінде санкцияны тоқтату керек" деп мәлімдеді.

Иран дипломатының айтуынша, тек осы әрекет қана ол елдердің Иранмен шын диалог өткізуге мүдделі екенін танытады.

Бағдадта өтетін келіссөз 23 мамырда басталады. Оған Иран, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше бес ел және Германия қатысады.

Батыс елдері мен БҰҰ Иранға "ядролық бағдарламаны дамытып жатыр" деген күдікпен санкция салған еді.

Ал Тегеран ядролық бағдарламасы "бейбіт мақсатта" екенін, "өз реакторлары үшін уран байытуға құқы бар" екенін айтып келеді.
XS
SM
MD
LG