Accessibility links

«Арселор Миттал Теміртау» жұмысшылары митингіге шықты


«АрселорМитталТеміртау» жұмысшылары митингіге шықты. Теміртау, 19 мамыр 2012 жыл.

«АрселорМитталТеміртау» жұмысшылары митингіге шықты. Теміртау, 19 мамыр 2012 жыл.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында айлықтарын 30 пайыз өсіруді талап етуші үш мың адам қатысқан митинг бейбіт өтті. Ұйымдастырушылар тақырыпқа қатысы жоқ нәрселерде, саясатты айтпауға шақырды.

«Арселор Миттал Теміртауда» бұдан бұрын, 17 және 18 мамырда үш жақты комиссияның кездесуі өткен еді. Компания биыл 21 мамырдан бастап жұмысшылар айлығына инфляция деңгейін сай 7,4 пайыз қосуды ұсынған. Жұмыс беруші одан кейін айлық жоспар (265 мың тоннадан артық) орындалса, әр айлыққа 2,6 пайыз қосуға да әзір екенін айтып, айлықты өсіру туралы келіссөзді 2012 жылы 1 қыркүйекте талқылауға шақырған. Кәсіподақ басшылары компанияның бұл ұсынысына келіспеген.

Бүгін екі сағатқа созылған митингінің ақырында резолюция қабылданып, президент әкімшілігіне, парламентке, үкіметке, «Нұр Отан» партиясына, «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы басшылығына, облыс пен қала басшыларына жіберетін хат дайындалды.
XS
SM
MD
LG