Accessibility links

Чемпиондар лигасының жеңімпазы - Челси


"Челси" шабуылшысы Дидье Дрогба. (Көрнекі сурет)

"Челси" шабуылшысы Дидье Дрогба. (Көрнекі сурет)


Футболдан Чемпиондар лигасының биылғы маусымында лондондық "Челси" командасы жеңімпаз атанды. Ди Маттео шәкірттері Мюнхендегі "Альянс Аренада" өткен финалдық ойында "Баварияны" ұтты. Кездесу тағдыры пенальти сериясы арқылы шешілді.

Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Алдымен 83 минутта "Бавария" ойыншысы Томас Мюллер гол соқты. Ойын аяқталуға аз қалғанда "Челси" шабуылшысы Дидье Дрогба есепті теңестіріп кетті. Тең есеп матч соңына дейін сақталып, кездесу қосымша уақытқа ұласты. Экстра-таймдар нәтижесін аяқталып, ойын соңындағы пенальти сериясында 4:3 есебімен «Челси» жеңіс тойын тойлады.

Бұл лондондық команданың Чемпиондар лигасындағы екінші финалы және алғашқы жеңісі.
XS
SM
MD
LG