Accessibility links

Ватикан халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады


Папа 16-Бенедикт. Рим, сәуір 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Папа 16-Бенедикт. Рим, сәуір 2008 жыл. (Көрнекі сурет)


BBC ақпарат құралы 20 мамырда Рим папасы 16-Бенедикттің хатшысына жазған хаттарының мазмұны ақпарат құралдарына жарияланып кетуіне байланысты әлемдік қауымдастықтан «әділет орнатуға» көмек сұрағанын хабарлады.

2012 жылы 18 наурызда Ватикан құпия ақпараттардың баспасөзге жарияланып кетуіне байланысты қылмыстық тергеу істерін бастаған болатын. Италиялық журналист Джанлуиджи Нуццидің Рим папасы туралы кітабында оның хатшысына жазған хаттарының мазмұны жарияланған еді. BBC-дің хабарлауынша, хаттарды мысалға келтіре отырып, автор Ватиканды жемқор, сауатсыз деп айыптап, католик шіркеуіндегі ішкі алауыздықты суреттеген.

Ватиканның ресми өкілдері енді журналистің бұл әрекеттерін Рим папасының жеке өміріне қол сұғу деп бағалап, қылмыстық істі тексеру барысында халықаралық қауымдастықтың қолдауын сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG