Accessibility links

Полиция "Баррикада" станциясында 20 адамды тұтқындады


"Баррикада" метро станциясы маңында акция өткізіп жатқан оппозиция белсенділері. Мәскеу, 16 мамыр 2012 жыл.

"Баррикада" метро станциясы маңында акция өткізіп жатқан оппозиция белсенділері. Мәскеу, 16 мамыр 2012 жыл.

Мәскеуде жексенбіден дүйсенбіге қараған түні полиция "Баррикада" метро станциясы маңындағы оппозиция лагерін қуып таратты. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, полиция 20 адамды тұтқындап әкеткен. Станция маңында тек бірнеше адам қалған.

"Әділ сайлау үшін" деп аталатын кампания аясында акцияларын жалғастырып жатқан белсенділер жексенбіде лагерлерін Арбаттан Кудринск алаңына көшірді.

Мәскеудегі "Халық серуені" бірнеше аптаға созылып келеді. Осы уақыт аралығында оппозиция лагерлерін бірнеше жерге ауыстырды. Оппозицияның ең көп аялдаған жері - Чистые пруды бульварындағы Абай ескерткішінің маңы болды.
XS
SM
MD
LG