Accessibility links

Италияда жер сілкініп, 6 адам қаза тапты


Жер сілкінісі болған Эмилия қаласы. Италия, 20 мамыр 2012 жыл.

Жер сілкінісі болған Эмилия қаласы. Италия, 20 мамыр 2012 жыл.

Жексенбі күні Италияның солтүстік бөлігінде жер сілкініп, алты адам қаза тапты. Елдегі бірнеше қалада ғимараттар бүлінді.

Қуаты 6 баллдық жер сілкінісі Болонье қаласынан солтүстікке қарай 35 шақырым жерде болды. Зілзаладан 50-ге тарта адам жараланды. Қираған үйінділер астында адамдар қалып қойған деген хабар бар.

Табиғи апат болған Эмилия-Романья аймағының басшылығы қазір жер сілікінісінің қайталануынан қауіптеніп, 3 мың адамның басқа жаққа көшірілгенін, зілзаладан мәдени ескерткіштерге біршама зиян келгенін хабарлады.

Жер сілкінісінен соң Болонье, Ферраре, Вероне және Мантуе қалаларында әлсіз жер асты дүмпулері қайталанған.

Құтқарушылар қазір үйінділер астында қалып қойғандарды құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG