Accessibility links

Божко: Каспийде өрт сөндіретін құрылғылар жоқ


Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко.
Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко.
Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Божко Каспий теңізінде өрт бола қалған жағдайда оны өшіруге қажетті арнайы құралдар алуға бюджеттен жеткілікті қаржы бөлінбей отырғанын мәлімдеді.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, парламенттің төменгі палатасы - мәжілістің отырысында сөйлеген Божко: "Бізде Каспийде скважиналардан жоғарыға мұнай атқылап, одан шыққан өртті сөндіретін құрылғалыр мен кемелер жоқ" деді.

Божко бұған қоса теңізде инженерлік орталық салуға да қаржы бөлінбецй отырғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG