Accessibility links

"Әлеуметтік араздықты қоздырушыларды" босатуды талап етті


Қамаудағы тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Қамаудағы тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов.

Дүйсенбіде Алматыда "Жаңаөзен-2011" комитетінің өкілдері Михиал Сизов пен Ерлан Қалиев, тіркелмеген "Алға" партиясының қамаудағы жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова Козлов пен оппозициялық саясаткер Серік Сапарғалидың босатылуын талап етіп, жиын өткізді.

Комитет өкілдері "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен қамалған Владимир Козлов пен Серік Сапарғалидың қазір денсаулығы мен психологиялық жағдайы туралы ресми ақпарат беруді, оларға қатысты соттың ашық әрі әділ өтуін талап етеді.

"Сот процесіне ақпарат құралдарын, шетелдік бақылаушыларды, құқық қорғаушылар мен тәуелсіз сарапшылардың қатыстырылуын, саяси мақсатта айыпталғандардың ақталып, босап шығуын және Жаңаөзен оқиғасына шын кінәлілерді жауапқа тартуды талап етеміз" дейді Михаил Сизов.
XS
SM
MD
LG