Accessibility links

Йеменде жарылыстан 50 үкімет әскері қаза тапты


Йемен армияcының солдаттары мен үкіметті қолдайтын тайпалар әскері Лавдар қаласының маңында тұр. 6 мамыр 2012 жыл.

Йемен армияcының солдаттары мен үкіметті қолдайтын тайпалар әскері Лавдар қаласының маңында тұр. 6 мамыр 2012 жыл.

Йеменнің астанасы Сана қаласында әскери парадқа дайындық кезінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, 50 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.

Кейбір хабарларға қарағанда, әскери киімдегі адам президент сарайына жақын алаңда денесіне байлаған жарылғышты іске қосқан. Оқиға болған жерде қорғаныс министрі мен штаб бастығы да болған, бірақ олар зардап шекпеген. Жарылысты "Әл-Қаида" ұйымының мүшесі жасады деген болжам бар.

Әскери парад 22 мамырда болатын Оңтүстік және Солтүстік Йеменнің қосылғанына 22 жыл толуына орай өтетін болған.

Йемен - АҚШ-тың Таяу Шығыстағы одақтастарының бірі. АҚШ таяуда бұл елге "Әл-Қаида" жауынгерлерімен күресетін әскерилерді даярлауға мамандар жіберген. Соңғы апталарда Йеменде үкімет әскері АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшақтарымен елдің оңтүстік батысындағы аймақтарды басып алған "Әл-Қаиданың" әскери базаларына бірнеше рет соққы берді.
XS
SM
MD
LG