Accessibility links

Кремльшіл жастар өкілі "Билік партиясын" құрмақ


Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Василий Якеменко.

Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Василий Якеменко.

Ресейдің жастар ісі жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Василий Якеменко дүйсенбіде Мәскеуде жаңа партия құруға ұсыныс жасап, жиын өткізді.

Жиында Якеменко қазіргі оппозициялық қозғалыстардың жастарды "өзіне тарта алмай отырғанын", "саяси либерализация жасауды ұсынғанмен, саяси партия құруға және саясатқа араласуға әлі асықпайтынын" айтады.

25 пен 35 жас аралығындағы жастарға үндеу тастаған Якеменко 2016 жылғы президент сайлауында "Единая Россия" партиясының жеңіске жететініне сенбейтінін айтып, "Билік партиясы" деп аталатын жаңа партия құруды ұсынды. Партияның мақсаты "Ресейді болашақта өмір сүруге болатын ең жайлы елге айналдыру" болмақ.

Якеменконың айтуынша, партия өзін-өзі ұйымдастырады, орта тапқа, оның ішінде Мәскеудегі наразылық шараларына қатысып жүрген жастарға сүйенеді.

"Әрине, бұл шешімімді Кремльмен кеңесіп қабылдадым және оның қолдауын ие болдым. Егер құжаттарын күзге дейін дайындасақ, тіркеле береміз" дейді Василий Якеменко.
XS
SM
MD
LG