Accessibility links

Тимошенконың соты 25 маусымға қалдырылды


Юлия Тимошенконың суретін ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет.

Юлия Тимошенконың суретін ұстап тұрған адам. Көрнекі сурет.

Украинаның Харьков қалалық соты бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенкоға тағылған "салық төлеуден жалтарды, қаржы жымқырды" деген айып бойынша істі қарауды 25 маусымға қалдырды.

Сот мұндай шешімді Тимошенконың ауруханада жатқанымен байланысты шығарды. 2011 жылы "Ресеймен "газ келісімін" жасасуда қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен жеті жылға сотталған Тимошенко қазір ауруханада жатыр.

Тимошенкоға наурыз айында 1990 жылдары "Украинаның біртұтас энергетикалық жүйесі" корпорациясын басқарып тұрғанда "салық төлеуден жалтарды, қаржы жымқырды" деген жаңа айып тағылған.
XS
SM
MD
LG