Accessibility links

Шетпе сотының үкімі шықты


Шетпе оқиғасы сот үкімін тыңдауға жиналған жұрт. Ақтау, 21 мамыр 2012 жыл. (Блогшы Дина Байділдаева түсірген сурет)

Шетпе оқиғасы сот үкімін тыңдауға жиналған жұрт. Ақтау, 21 мамыр 2012 жыл. (Блогшы Дина Байділдаева түсірген сурет)

Ақтауда Шетпедегі оқиғалар бойынша өтіп жатқан сотта дүйсенбіде судья үкім шығарды.

Соттан жүргізіліп жатқан Twitter жазбаларына қарағанда, судья Бердібек Мырзабеков айыпталушылар Қуаныш Төлеуов, Бекберген Жылқышиев, Дүйсенбек Сәдіғұлов, Асылбек Төлеев, Есенқос Дұрысбаев, Жұмабек Мырзатаев, Ержан Мәмбетов және Асан Әдиевті кінәсіз деп тауып, ақтаған.

Айыпталушы Қасым Ермұханұлына 2 жыл шартты жаза кесілді.

Ал Нұрболат Сабырбаев 4 - жылға, Бақытжан Ғабиден - 5 жылға, Ержан Мәмбетов - 5 жылға, Қажымұрат Әбезов - 7 жылға сотталған.

Шетпеде 2011 жылы 17 желтоқсанда болған оқиға бойынша қылмыстық іске айыпталушы ретінде 12 адам тартылған. Оларға тәртіпсіздік ұйымдастырды деген тұрғыда түрлі айып тағылған еді.
XS
SM
MD
LG