Accessibility links

Йеменде жарылыс құрбандары 100-ге жетті


Полицейлер Санадағы жарылыс болған алаңды тексеріп жатыр. Йемен, 21 мамыр 2012 жыл.

Полицейлер Санадағы жарылыс болған алаңды тексеріп жатыр. Йемен, 21 мамыр 2012 жыл.

Йеменнің астанасы Санадағы жарылыстан құрбан болған адам 100-ге, жараланған кісі 200-ге жетті.

Дүйсенбіде Санада өтетін әскери парадқа дайындық кезінде президент сарайына жақын алаңда жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Жарылысқа жауапкершілікті "Әл-Қаида" ұйымы мойнына алды. Ұйымның таратқан мәлімдемесінде "жарылыс үкімет әскерінің елдің оңтүстігінде өздеріне қарсы әскери операцияларына жауап ретінде жасалғаны, жарылыста Йеменнің қорғаныс министрін өлтіру көзделгені" айтылады.

Жарылыс болған кезде қорғаныс министрі де алаңда жүрген. Бірақ ол зардап шеккен жоқ. Йемен президенті Абдрабух Мансұр Хади үкіметтің терроризммен күресті қандай шығын болса да жалғастыра беретінін мәлімдеді.

БҰҰ бас хатшысы мен осы ұйымның қауіпсіздік кеңесі Санадағы жарылысты айыптады.
XS
SM
MD
LG