Accessibility links

Астанада шетел инвесторлар кеңесінің отырысы басталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Астанада Қазақстан президентінің жанындағы шетел инвесторлар кеңесінің 25-пленарлық отырысы басталды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Жиынды президент Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Жиында "Қазақстан - халықаралық сауда, логистика, іскерлік және қаржы орталығы" тақырыбы талқылауға түсіп жатыр.

Шетел инвесторлары кеңесінің отырысында Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, "Еуразия табиғи ресурстар корпорациясы", "АрселорМиттал", Ресейлік "Сбербанк", "Дженерал Электрик Транспортейшн", т.б компаниялардың басшылары сөз сөйлейді.

Шетел инвесторлар кеңесі - президент жанындағы Қазақстандағы инвестициялық ахуал мен қаржы тарту мәселесіндегі кеңесші орган. Кеңес құрамына 30 ірі шетелдік компания мен халықаралық ұйым кіреді.
XS
SM
MD
LG