Accessibility links

Коалиция қауіпсіздікті қамтамасыз етуді Ауғанстанға 2013 жыл ортасында өткізеді


Барак Обама НАТО саммитінің жабылуына арналған жиында сөйлеп тұр. Чикаго, 21 мамыр 2012 жыл.

Барак Обама НАТО саммитінің жабылуына арналған жиында сөйлеп тұр. Чикаго, 21 мамыр 2012 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама НАТО күштерінің Ауғанстандағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін жергілікті үкіметке 2013 жылдың ортасында толық тапсыратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, 2014 жылдың соңында елден халықаралық коалиция әскері шығарылған соң, НАТО ауған әскері мен полициясын дайындайды.

Чикагодағы НАТО саммитінің жабылуына орай өткен баспасөз жиынында Обама Ауғанстанда әлі де шешімін таппаған маңызды мәселе көп екенін және Талибанның елдегі "ең күшті жау" екенін айтты.

Барак Обама саммитте Пәкістан президенті Әли Асиф Зардаримен бейресми кездесуде Пәкістанның өз территориясын Ауғанстандағы НАТО күштеріне жүк жеткізуге рұқсат беру мәселесін талқылағанын, бірақ әлі келісімге келмегенін де айтты.

Пәкістан өткен жылдың қарашасында НАТО әскерилері қателесіп әуеден соққы беріп, 24 әскери қызметкері қаза тапқан соң, өз жерінен НАТО күштеріне жүк тасымалдауға рұқсат бермей қойған.
XS
SM
MD
LG