Accessibility links

Бакуде Eurovision ән байқауы басталды


Eurovision байқауы. Баку, 23 мамыр 2012 жыл.
Eurovision байқауы. Баку, 23 мамыр 2012 жыл.
Әзербайжан астанасы Бакуде Eurovision халықаралық ән байқауы басталды. Бұл жылы байқауға 42 елдің өкілдері қатысады.

Сейсенбіде байқаудың алғашқы жартылай финалы өтті. Ол күні Ресей, Албания, Молдова, Румыния, Испания, Дания, Кипр, Грекия, Исландия және Ирландияның әншілері сахнаға шықты.

Бейсенбіде Бакуде екінші жартылай финал өтеді. Жеңімпаз 26 мамырда көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталады.

Байқауды теледидар арқылы 125 миллион адам көреді деген болжам бар.
XS
SM
MD
LG