Accessibility links

Гога Ашкенази Vionnet-тің акциясын сатып алды


Гога Ашкенази (Гауһар Берқалиева).
Гога Ашкенази (Гауһар Берқалиева).
Ұлыбританияда тұратын 32 жастағы бизнесмен Гога Ашкенази Vionnet сән компаниясының 65 пайыз акциясын сатып алды. Сатып алу құны қанша болғаны айтылған жоқ.

Vionnet сән үйін 1912 жылы француз дизайнері Мадлен Вьоне ашқан. 2009 жылы бұл брендті италиялық бизнесмен Матео Марцотто мен Джанни Кастильони қайта шығарды.

Гога Ашкенази (шын есімі - Гауһар Берқалиева) Қазақстанның Жамбыл облысында туған. Ашкенази қонақ үй бизнесімен айналысатын америкалық Стефан Ашкеназиге күйеуге шыққан кезде аты-жөнін өзгертті.

Батыстық басылымдар Гога Ашкенази мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың қарым-қатынасы туралы жиі жазады.
XS
SM
MD
LG