Accessibility links

Египетте президент сайлауы басталды


Египеттегі парламент сайлауында дауыс беріп тұрған адам. Гиза, 14 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Египеттегі парламент сайлауында дауыс беріп тұрған адам. Гиза, 14 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Сәрсенбі, 23 мамырда Египетте президент сайлауының екі күндік алғашқы кезеңі басталды.

Бұрынғы президент Хосни Мүбәрәк биліктен тайдырылған өткен жылғы "Араб көктемінен" бері елде президент сайлауы алғаш рет өтіп жатыр. Египет халқының көпшілігі бұл сайлауды Мүбәрәк билікте отырған соңғы 30 жылдан бергі алғашқы еркін сайлау деп санайды.

Сайлауға 12 үміткер қатыспақ. Олардың арасында Хосни Мүбәрәк тұсында билікте болған және исламшыл партиялардың атынан түскен кандидаттар бар.

Египетте 50 миллион адамның дауыс беру құқығы бар. Сайлаудың ресми нәтижелері 29 мамырда жарияланады.
XS
SM
MD
LG