Accessibility links

Түркіменстан Үндістан мен Пәкістанға газ экспорттамақ


Тәжікстанның Хатлон уәлаятындағы газ құбыры. (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның Хатлон уәлаятындағы газ құбыры. (Көрнекі сурет).

Түркіменстан, Үндістан және Пәкістан үкіметі сәрсенбіде түркімен газын Пәкістан мен Үндістанға тасымалдау үшін Ауғанстан арқылы өтетін құбыр салу келісіміне қол қояды.

АҚШ-тың қолдауына ие жоба келісіміне Түркіменстанның Каспий теңізінің жағалауындағы Аваза демалыс аймағында өтіп жатқан халықаралық газ конференциясында қол қойылмақ. Жобаның құны 7,6 миллиард АҚШ долларына тең.

1735 шақырымды құрайтын құбырмен жылына 33 миллиард текше метр газ тасымалданады деген жоспар бар. Сарапшылар АҚШ үшін бұл жоба Пәкістанға жеке газ құбырын тартауға ұмтылып отырған Иранды ығыстыруға жол ашады дейді. Бірақ сарапшылар табиғи газға бай Ашхабадтың өзі де газды Ресей мен Қытайдан басқа да елдерге сатуға ұмтылып отыр дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG