Accessibility links

Алты ел Иранның ядролық мәселесін талқылап жатыр


Натанз қаласында ядролық зауытты қорғауға қойылған зымыранға қарсы қорғаныс құрылғысы. Көрнекі сурет.
Натанз қаласында ядролық зауытты қорғауға қойылған зымыранға қарсы қорғаныс құрылғысы. Көрнекі сурет.
Ирак астанасы Бағдадта сәрсенбіде Иран және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүше мемлекетінің Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздері басталды.

Бұған дейін Халықаралық атом энергетикасы агенттігінің (МАГАТЭ) басшысы Юкия Амано "Иран билігі халықаралық инспекторларды өз аумағындағы ядролық нысандарға кіруге рұқсат беретінін білдірді" деген болатын.

Бірқатар сарапшылар жиында Тегеран Батыс елдерінен ядролық нысандарына кіргізудің қайтарымына халықаралық санкцияларды алып тастауды сұрауы мүмкін дейді.

Қытайдың China Central Television телеарнасына сұхбат берген президент Махмұд Ахмединежадтың бас кеңесшісі Әмір әл-Мусави Иранның халықаралық қауымдастықтан екі нәрсені талап ететінін айтқан. Оның алғашқысы - халықаралық қауымдастықтың Иранның ядролық қуатты бейбіт мақсатта пайдалануға хақы барын мойындауы, екіншісі - Иранға салынған санкцияны алып тастау.

АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі Джей Карни Бағдадта келіссөздер басталмай тұрып Вашингтонның Иран мәселесін Тегеранның уәделеріне емес, нақты істеріне қарап шешуге ниетті екенін және Иранға қарсы санкцияны жою мәселесінің қазір қарастырылмайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG