Accessibility links

Атамбаев Трансазиялық теміржол салуды қолдайды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев.
Қырғызстан елді Қытай және Өзбекстанмен жалғайтын Трансазиялық теміржол салу жобасын қызу қолдайды деп мәлімдеді Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне сұхбат берген президент Алмазбек Атамбаев.

Атамбаевтың айтуынша, Қырғызстан Қытаймен көршілігін тиімді пайдалануы керек. Ол сонымен қатар жаңа теміржол Қырғызстанның шеткері аймақтарын бір-бірімен байланыстырып, елдің бірігуіне жағдай жасайды деген пікір айтты.

Теміржол құрылысының жалпы құны 2 миллиард АҚШ долларына бағаланып отыр. Қырғызстанда елдің бұл жобаға шетел инвестициясымен қатар қаржы салуына қатысты дау туындаған. Бұдан өзге, халықтың бір бөлігі елде Қытай ықпалының артуын қаламайды.
XS
SM
MD
LG