Accessibility links

Брюссельде Еуропа Одағының саммиті өтіп жатыр


Еуропалық Кеңестің президенті Херман Ван Ромпей.

Еуропалық Кеңестің президенті Херман Ван Ромпей.

Брюссельде сәрсенбіде Еуропа Одағының (ЕО) екі күндік саммиті басталды. Еуропа елдерінің басшылары мен үкімет жетекшілері саммитте Еуропаны қаржы дағдарысынан шығарудың ары қарайғы жолдарын қарастырып жатыр.

Саммиттің алғашқы күні Еуропалық Кеңес төрағасы Херман Ван Ромпей одақ елдерінің басшылары Грекияның ЕО құрамында қалғанын қалайтынын, бірақ ол үшін Афинаның реформалар жасауға берген уәдесін орындау қажеттігін айтты. Грекияның одақ құрамынан шығуы Еуропаның экономикасына қосымша қиындықтар тудыруы мүмкін.

ЕО елдерінің арасында дағдарысқа қарсы ең оңтайлы деген шараны табу мәселесінде келіспеушіліктер бар. Франция президенті Франсуа Олланд пен Италия премьер-министрі Марио Монти ЕО-ны одақ елдерінің экономикалық өсіміне дем беруге шақырады. Ал Германия канцлері Ангела Меркель мемлекеттік бюджет шығындарын қысқартып, қатаң экономикалық саясат жүргізуді қалайды.
XS
SM
MD
LG