Accessibility links

AI адам құқықтарына қатысты есебін жариялады


Полиция "Миллиондар маршы" шеруіне қатысқан адамды тұтқындап барады. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл.

Полиция "Миллиондар маршы" шеруіне қатысқан адамды тұтқындап барады. Мәскеу, 6 мамыр 2012 жыл.

Халықаралық Amnesty International (Амнести Интернэйшнл) ұйымы "көптеген елдерде адам құқықтары билік пен корпорациялардың экономикалық мүдделерінің тасасында, екінші сатыға түсіп қалды" деп мәлімдеді.

Ұйым адам құқықтарына қатысты жыл сайынғы есебінде Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстан, Түркіменстан және Иранды адам құқықтарын бұзып отыр деп сынады.

Ұйым Ресей билігінің сөз бостандығы мен жиын өткізу бостандығын бұзғанын, өткен жылғы желтоқсанда басталған наразылық шараларында оппозиция жетекшілері мен белсенділердің тұтқындағанын сынады.

Amnesty International бұған қоса БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия мәселесіне қатысты қарарына Ресей мен Қытайдың вето қоюынан ешқандай шара жасай алмағанын айтып, кеңестің ролін қайта қарауға шақырды. Ұйым АҚШ пен Батыс елдерін, Сауд Арабиясын "Бахрейндегі демонстранттарды басып-жаншу оқиғаларына ұстанымын білдіре алмады" деп сынады.
XS
SM
MD
LG