Accessibility links

Ауғанстанда 120 оқушы уланды


Тахар уәлаятында беймәлім заттан уланып, ауруханада жатқан оқушы қыз. Ауғанстан, 23 мамыр 2012 жыл.
Тахар уәлаятында беймәлім заттан уланып, ауруханада жатқан оқушы қыз. Ауғанстан, 23 мамыр 2012 жыл.
Ауғанстанның солтүстігіндегі Тахар уәлаятында 120 мектеп оқушысы мен үш мұғалім уланып, ауруханаға түсті. Уланғандардың көпшілігі ес-түсінен айырылған. Жергілікті билік мектепке беймәлім улы зат шашып жіберді деп, кінәні исламшыл радикалдардан көріп отыр.

Бір ай бұрын осы уәлаятта 150 оқушы ауыз судан уланған болатын. Ал өткен аптада Хост уәлаятында 200 бала белгісіз аурумен ауырды. Ауғанстан арнайы қызметінің өкілінің айтуына қарағанда, мұндай әрекеттерді Талибан ұйымы 2014 жылы коалиция күштерінің елден шығарылатыны қарсаңында ата-аналарды балаларын мектепке бермеуге мәжбүрлеу үшін жасап отыр.

Ауғанстан білім министрінің ақпараты бойынша, елде қауіпсіздік мақсатында 11 уәлаятта 550-ге жуық мектеп жабылған. Ол мектептерде 300 мыңға тарта бала оқитын.
XS
SM
MD
LG