Accessibility links

Ресейде оппозиция белсенділері қамаудан босады


Блогер Алексей Навальный абақтыдан босап шықты. Мәскеу, 24 мамыр 2012 жыл.

Блогер Алексей Навальный абақтыдан босап шықты. Мәскеу, 24 мамыр 2012 жыл.

Ресейлік оппозицияшыл блогер Алексей Навальный 15 тәулік қамаудан босатылды. Навальный "полицияға бағынбады" деген айыппен жазаға тартылған еді.

Навальный түрмеден шыққанда өзін қарсы алушылармен қоштасып, "Халық серуені" наразылық акцияларына қатысуға кетті. Ол 12 маусымда Ресей билігінің саясатына қарсы жаппай наразылық акциясын өткізген соң қыркүйек айының басында болатын бүкілхалықтық қарсылық шеруіне дайындықпен айналысатынын айтты.

Бейсенбі түнде оппозициялық "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов та 15 тәуліктік қамаудан босап шықты.
XS
SM
MD
LG