Accessibility links

Иран бойынша ендігі келіссөз Мәскеуде өтеді


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Кэтрин Эштон. Бағдад, 24 мамыр 2012 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Кэтрин Эштон. Бағдад, 24 мамыр 2012 жыл.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі арнайы өкілі Кэтрин Эштон "Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі 18-19 маусымда Мәскеуде өтеді" деп мәлімдеді.

Бағдадта екі күндік кездесудің аяқталуында сөйлеген Кэтрин Эштон келіссөздерге қатысушы мемлекеттер арасында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты әлі де келіспеушіліктер бар екенін айтты.

Ұлыбритания, Қытай, Франция, Ресей және АҚШ Тегеранды уранды ядролық қару жасауға болатын жиырма пайыздық деңгейге дейін байыту бағдарламасын тоқтатуға шақырады. Кэтрин Эштон бұған қоса әлемдік державалар Иран мәселесін жақын арада шешуге ұмтылып отырғанын айтты.

Бағдадта бір күнге жоспарланған кездесу тараптар сәрсенбіде келісімге келе алмағандықтан, аяқ астынан тағы бір күнге ұзарған.
XS
SM
MD
LG