Accessibility links

Йеменде "Әл-Қаиданың" 35 сарбазы қаза тапты


Йемен армияcының солдаттары мен үкіметті қолдайтын тайпалар әскері Лавдар қаласының маңында тұр. 6 мамыр 2012 жыл.

Йемен армияcының солдаттары мен үкіметті қолдайтын тайпалар әскері Лавдар қаласының маңында тұр. 6 мамыр 2012 жыл.

Йеменнің оңтүстігінде үкімет әскерінің "Әл-Қаидан" бекіністеріне жасаған шабуылынан 35 содыр қаза тапты. Йеменнің қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, үкімет әскері "Әл-Қаида" жауынгерлері орныққан Джаар қаласына жақын Вади Ванаа Араб елді мекеніне бақылау орнатқан.

Шабуыл ел астанасы Сана қаласында жанкешті жасаған жарылыстан кейін болды. 21 мамырда Санада елдің бірігуінің 22 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық жүріп жатқанда жанкешті жарылыс жасап, 96 әскери қызметкер қаза тапқан. Жарылысқа жауапкершілікті "Әл-Қаида" мойнына алды.

Үкімет әскері өткен жылғы халық толқулары кезінде "Әл-Қаида" ұйымы басып алған қалалардан содырларды ығыстырып шығаруға тырысып жатыр.
XS
SM
MD
LG