Accessibility links

Тони Блэр Nazarbayev University-де дәріс оқыды


Қазақстан президентінің саяси және экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр.
Қазақстан президентінің саяси және экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі, Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа саяси экономикалық мәселелер бойынша кеңес беретін Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэр Nazarbayev университетінде студенттер мен оқытушыларға дәріс оқыды деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Университеттің маркетинг және коммуникация департаментінің хабарлауынша, "Әлемдегі қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер" тақырыбында оқыған дәрісінде Тони Блэр елдің дұрыс демократиялық жүйемен, өзара бәсекелес партиялармен, жауапты, бірақ еркін баспасөзбен дамуы тиіс екенін айтқан.

Блэр бұған қоса: "Заң үстемдік құру үшін құқықтық және басқа да реформаларды жүзеге асырып, коррупциямен ғана емес, соны қолдайтын жүйемен де күресу керек" деген.

Тони Блэр 2011 жылдың қазан айынан бері Қазақстан президентіне кеңес береді. Daily Telegraph ("Дэйли телеграф") басылымы Тони Блэрдің бір жылдық еңбегіне сегіз миллионға жуық фунт-стерлинг алатынын жазған еді.
XS
SM
MD
LG