Accessibility links

Спикер Украина парламентін таратуды ұсынды


Украина парламентіндегі төбелес. Киев, 24 мамыр 2012 жыл.
Украина парламентіндегі төбелес. Киев, 24 мамыр 2012 жыл.
Украина Жоғарғы Радасының спикері Владимир Литвин жұма күні парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді ұсынды.

Киевте брифинг өткізген Литвин "депутаттардың кешегі төбелесі елдегі парламентаризмнің толықтай күйрегенін көрсетеді" деп мәлімдеді.

Бейсенбіде Жоғарғы Радада елдің кейбір аймақтарында орыс тілін қолдануға рұқсат беретін тілге қатысты заң жобасын талқылау кезінде оппозициялық партиядан түскен депутаттар мен президент Виктор Януковичтің партиясынан түскен депутаттар арасында төбелес болған. Осыдан соң Украина парламенті жұмысын тоқтатып, заң жобасын талқылауды жұмаға қалдырған.

Оппозиция басқарушы партия депутаттарының бастамасын қазанда өтуге тиіс парламент сайлауымен байланыстырып отыр.

Қазір Киевте Жоғарғы Рада ғимаратының алдына заң жобасына қарсылық танытқан бірнеше жүз адам жиналды. Парламент үйін полицейлер қоршап тұр.
XS
SM
MD
LG