Accessibility links

Назарбаев мемлекет қаржысын ұрлағандар қатаң жазаланатынын айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет қаржысын ұрлаған шенеуніктердің қатаң жазаланатынын ескертті деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Жамбыл облыстық әкімдігінде өткен жиында сөйлеген президент Назарбаев: "Барлық Қазақстан азаматтарына ескертемін: дағдарыс кезінде әрбір теңге үшін жауап бересіздер. Мемлекеттің ақшасын ұрлағандардың мойнын үземіз" деді.

Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің еңбекпен қамту, индустриялизацияландыру, бизнесті қолдау, тұрғын үй шаруашылығын модернизациялау және ауыз су мәселесін шешуге қатысты бағдарламалардың орындалуына жауапты екенін айтты.

Президент бұл бағдарламаларға бөлінген қаржының жұмсалуын жергілікті кеңестер мен бақылаушы органдар қадағалауы керек деді.
XS
SM
MD
LG