Accessibility links

Түркіменстанда кәсіпкерлер екінші партия құрды


Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов.

Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасы бизнесмендердің жаңа партия құрып жатқанын хабарлады.

Азаттық радиосы Түркімен қызметінің хабарлауынша, елдегі кәсіпкерлер ассоциациясы осы аптада мемлекеттік ақпарат құралдарына жаңа құрылған Кәсіпкерлер партиясына мүшелерді қабылдайтыны туралы хабарлама таратқан. Партия құрылтайшыларының айтуына қарағанда, таяуда партияның бағдарламасын талқылайтын жиын болмақ.

Бірақ партияның ресми тіркеуден өткен-өтпегені белгісіз.

Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Түркіменстанда президент басқаратын бір ғана Демократиялық партия бар. Ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов наурызда екінші партия құруды ұсынып, парламентке саяси партиялар құру туралы тапсырма берген.
XS
SM
MD
LG