Accessibility links

Ауған парламенті АҚШ-пен әріптестік құжатын мақұлдады


Ауған парламенті офицерлерді марапаттап тұр. Кабул, 18 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауған парламенті офицерлерді марапаттап тұр. Кабул, 18 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауған парламенті бұған дейін Ауғанстан және АҚШ президенттері қол қойған, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді мақұлдады.

Бұл құжат бойынша, 2014 жылы шетел әскерінің көбі Ауғанстаннан кеткен соң да америкалықтар бұл елде қала береді. Ауған парламентінің төменгі палатасындағы дауыс беру кезінде бұл келісімге санаулы депутат қана қарсы болды. Құжатты енді жоғарғы палата қарайды.

Ауғанстан президенті Хамид Карзай мен АҚШ президенті Барак Обама келісімге 2 мамырда Кабулде қол қойған. Бұл құжат бойынша АҚШ Ауғанстанның қауіпсіздік мекемелері қызметкерлерін дайындауға, әртүрлі гуманитарлық жобаларды іске асыруына көмектесе береді.
XS
SM
MD
LG