Accessibility links

Египеттегі "Мұсылман бауырлар" үкімет туралы келіссөз бастады


"Мұсылман бауырлар" қозғалысының кандидаты Мохаммед Мурси (сол жақта) және бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафиқ.

"Мұсылман бауырлар" қозғалысының кандидаты Мохаммед Мурси (сол жақта) және бұрынғы премьер-министр Ахмед Шафиқ.

Египеттегі "Мұсылман бауырлар" қозғалысы 23-24 мамырдағы президент сайлауында екінші турға өтпей қалған кандидаттарды келіссөзге шақырды. Келіссөз барысында вице-президенттің кандидатурасы мен коалициялық үкімет құру мәселесі сөз болады.

Қозғалыс төрағасының орынбасары Исам Аларьянның айтуынша, саяси күштердің бәрі "елді құтқарып, революция мұратына жету үшін" бірігуі керек.

Египетте президент сайлауының 16-17 маусымда өтетін екінші кезеңіне "Мұсылман бауырлар" қозғалысының кандидаты Мохаммед Мурсимен бірге бұрынғы президент Хосни Мүбәрәктің үкіметінде соңғы премьер-министр болған Ахмед Шафиқ та өтті.
XS
SM
MD
LG