Accessibility links

Тегеран МАГАТЭ-нің жаңа баяндамасына пікір білдірді


Тегеранның Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктегі (МАГАТЭ) өкілі Али Ашгара Солтание. Вена, 15 мамыр 2012 жыл.

Тегеранның Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктегі (МАГАТЭ) өкілі Али Ашгара Солтание. Вена, 15 мамыр 2012 жыл.

Иран билігі елдегі өндіріс орындарының бірінен байытылған уран қалдығы табылғанын "техникалық проблемалардың кесірі" деп мәлімдеді.

Тегеранның Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктегі (МАГАТЭ) өкілі Али Ашгара Солтаниенің бұл мәлімдемесін бүгін Иранның IRNA ақпарат агенттігі таратты.

МАГАТЭ жұма күні Иранның Кум қаласы маңындағы объектіден ядролық қару жасайтын деңгейге жетеғабыл байытылған уран қалдығын тапқанын хабарлаған. Кейбір сарапшылардың айтуынша, Иран айтқан техникалық әсер жайлы уәж де қисынды, бірақ бұл оқиға мұқият тексеріледі.

Батыс "Иран ядролық қару жасап жатыр" деп күдіктенеді. Ал Иран зерттеулердің бейбіт мақсатқа арналғанын айтады.
XS
SM
MD
LG