Accessibility links

Сомали содырлары күресті күшейтетінін айтты


Полиция Лидо жағажайында "Аш-Шабаб" тобының мүшесін тұтқындап жатыр. Сомали, 23 наурыз 2012 жыл.
Полиция Лидо жағажайында "Аш-Шабаб" тобының мүшесін тұтқындап жатыр. Сомали, 23 наурыз 2012 жыл.
Сомалидің "Әл-Қаида" террористік ұйымымен байланысы бар "Аш-Шабаб" тобының содырлары Африка одағының үкіметі әскеріне қарсы күресті күшейтетінін мәлімдеді.

Жұма күні үкімет әскері исламшылдарды маңызды бекініс аймағы - Афгойе қаласынан шығарып жіберген еді. Содырлар өздерінің ол қаладан кетуін стратегиялық амал деп атап, соғыс кезінде көптеген үкімет сарбаздарды өлтіргендерін мәлімдеген. Ал үкімет әскері ауыр шығын шеккендерін жоққа шығарды.

БҰҰ-ның дерегіне қарағанда, соғыс ошағына айналған Афгойеден тоғыз мыңға тарта тұрғын қашып кеткен.
XS
SM
MD
LG