Accessibility links

Сайлауда 3-орын алған египеттік нәтижеге сенбейді


Каир мектептерінің біріндегі сайлау учаскесінде дауыс санап жатқандар. 24 мамыр 2012 жыл

Каир мектептерінің біріндегі сайлау учаскесінде дауыс санап жатқандар. 24 мамыр 2012 жыл

Египетте өткен президенттік сайлаудың алғашқы айналымында үшінші орын алған "Әл-Карамах" партиясының өкілі Хамдин Саббахи дауыс беру кезінде заң бұзылды деп есептейді. Солшылдар партиясының мүшесі қолдаушыларымен кездесіп тұрып әскерилер заңсыз түрде дауыс берді деп мәлімдеді.

Осы апта өткен сайлаудың алғашқы айналымының алдын-ала нәтижелері бойынша Саббахи 700 мың дауыс жинап үшінші орында тұр. Ал "Мұсылман бауырлар" ұйымының өкілі мен Хосни Мүбәрәк заманынан бері үкіметте қызмет атқарып келе жатқан тағы бір саясаткер сайлаудың ақтық кезеңіне шықты.

"Мұсылман бауырлар" ұйымының кандидаты Мохаммед Мурси биліктен қуылған бұрынғы президент Хосни Мүбәрәктің кезінде соңғы премьер-министр болған Ахмед Шафиктен жарты-ақ пайыз артық дауыс жинаған. Сайлаудың түпкілікті нәтижесі 29 мамыр күні жарияланбақшы.
XS
SM
MD
LG