Accessibility links

Иран 20 пайыздық уран байыту ісін тоқтатпайды


Ферейдун Аббаси Давани, Иранның вице-президенті, әрі Атом энергетикасы ұйымының басшысы. Вена, 19 қыркүйек 2011 жыл

Ферейдун Аббаси Давани, Иранның вице-президенті, әрі Атом энергетикасы ұйымының басшысы. Вена, 19 қыркүйек 2011 жыл

Иранның атом энергетикасы ұйымының басшысы Ферейдун Аббаси Давани Тегеран үшін 20 пайыздық мөлшерде уран байыту бағдарламасын жабатындай еш себеп жоқ екенін мәлімдеді. Мұндай талапты Иранмен келіссөз жүргізіп жатқан ірі мемлекеттер қойып отырған еді.

Даванидің айтуынша, Иран 20 пайыздық мөлшерде қуат өндіру мақсаты үшін уран байытып отыр - "бір мысқал артық та емес, кем де емес". Ирандық шенеунік бұл сөзді БҰҰ жариялаған кезекті баяндамадан кейін айтып отыр. Ол баяндамада БҰҰ Тегеран 20 пайыздан сәл артық деңгейде уран байытып жатыр деп алаңдайтынын байқатқан еді.

Иранның Халықаралық атом энергетикасы агенттігіндегі уәкілі Әли Асгар Солтание БҰҰ-ның ескертпесін жай ғана "техникалық мәселе" деп көрсеткен болатын. 90 пайызға дейін байытылған уран ядролық қару үшін қолданылады. Ал 20 пайызға байытылып, ядролық отын ретінде пайдаланылатын түрі қару жасауға жетеғабыл деңгейдегі материал деп есептеледі.
XS
SM
MD
LG