Accessibility links

"Қазгидромет": 5 облыста күн күрт суытады


Тұман басқан Алматы қаласы. Көрнекі сурет

Тұман басқан Алматы қаласы. Көрнекі сурет

"Қазгидромет" ұйымының ақпаратына сілтеме жасаған tengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша, 27-28 мамыр күндері Қазақстанның 5 облысында өсімдікті үсік шалатындай суық түсуі мүмкін.

27 мамыр күні Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы 0 мен 2 градус шамасында болуы ықтимал. Павлодар облысында да осы күні 0 мен 3 градус шамасында күн суиды.

Шығыс Қазақстан облысында 27-28 мамыр күндері температура 0 мен 3 градус арасына дейін бірден төмендеп кетуі мүмкін.

Алдағы бірнеше күнде ауа-райының күрт суытуы ықтимал болғандықтан Қазақстанның кейбір аймақтарында күшті жел соғуы мүмкін деген ескерту жасалды.
XS
SM
MD
LG