Accessibility links

Сирия үкіметі: Хуладағы қырғынға қатысымыз жоқ


Хулада қаза тапқандардың мәйіттері. 26 мамыр 2012 жыл.
Хулада қаза тапқандардың мәйіттері. 26 мамыр 2012 жыл.
Дамаск Хула қаласында атыс кезінде қаза тапқан 92 адамның өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. 26 мамыр күнгі шабуыл кезінде опат болғандардың 32-сі балалар еді. Бұл оқиғаға қатысты халықаралық қауымдастық дереу пікір білдіріп, айыптап шыққан болатын.

27 мамыр күні Сирияның сыртқы істер министрлігінің өкілі Джихад әл-Макдисси адам өліміне "терроршылар" кінәлі, Дамаск тергеу жүргізеді деген мазмұнды мәлімдеме жасады. Өткен жұма және сенбі күндері үкімет әскері БҰҰ-ның бақылаушыларын Хула қаласына кіргізбей қойған еді.

Сирия армиясы араб әлемі мен Батыс елдерінің наразылығына қарамастан жексенбі күні көтеріліс жасаған қалаларды атқылауды жалғастыра берді.
XS
SM
MD
LG