Accessibility links

Грузияда оппозиция шеру өткізді


Тбилисиде оппозиция өткізген шеру. Грузия, 27 мамыр 2012 жыл.

Тбилисиде оппозиция өткізген шеру. Грузия, 27 мамыр 2012 жыл.

Жексенбіде он мыңдаған грузиялық Тбилисидің Еркіндік алаңында оппозиция жетекшісіне айналған миллионер Бидзина Иванишвилидің "Грузия арманы" оппозициялық альянсын қолдап, шеруге шықты.

Шеруге шыққандардың арасында бұрынғы парламент спикері, қазір биліктің оппоненті Нино Бурджанадзе де бар.

Оппозиция жетекшілері президент Михаил Саакашвилиді елді авторитарлық басқаруға қарай бұрып барады деп айыптаса, басқалары ол 2013 жылы екі рет президент болу мерзімі аяқталған соң, премьер-министр болуға ұмтылуы мүмкін деп қауіптенеді.

Полиция шеруге қанша адам қатысқанын айтудан бас тартып отыр. Демонстрацияға қатысқандардың кейбірі "Бұл - 2009 жылдан бері болған ең үлкен шеру" деп отыр.

Бірақ қоғамдық сауалнама нәтижелері оппозициялық альянстың басқарушы партиядан беделі төмен екенін көрсетіп отыр.
XS
SM
MD
LG